Firebase Cloud Messaging қолдану

Kaspersky Security Center-де Android операциялық жүйесі басқаратын KES құрылғыларына пәрмендерді уақтылы жеткізу үшін push-нотификациялар механизмі пайдаланылады. KES құрылғылары мен Басқару сервері арасындағы push-нотификациялар Firebase Cloud Messaging (бұдан әрі – FCM) сервисінің көмегімен жүзеге асырылады. Kaspersky Security Center Басқару консолінде KES құрылғыларын осы сервиске қосу үшін Cloud Messaging сервисінің параметрлерін көрсете аласыз.

Firebase Cloud Messaging параметрлерін алу үшін Google есептік жазбаңыз болуы керек.

FCM қолдануды қосу үшін:

  1. Басқару консолінен Ұялы құрылғыларды басқару түйіні мен Ұялы құрылғылар торабын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғылар қалтасының мәнмәтіндік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Қалта сипаттары терезесінен Google Firebase Cloud Messaging параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  4. Жіберушінің идентификаторы өрісінде Sender ID FCM енгізіңіз.
  5. Жеке кілт файлы (JSON пішімінде) өрісінде жеке кілт файлын таңдаңыз.

Басқару серверімен келесі жолы синхрондау кезінде, Android операциялық жүйесі басқаратын KES құрылғылары Firebase Cloud Messaging қызметіне қосылатын болады.

Firebase Cloud Messaging параметрлерін Параметрлер бастапқы мәнге келтірілуде түймесі арқылы өзгерте аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу